БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысу әлем алдындағы беделімізді көтеруге көмектесті – Ерлан Қарин

0
59
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуына пікір білдірді.

«Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсынысы қолдау тапты. БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу — Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Бұл біздің соғыс пен қақтығыстардың алдын алуға қатысты бірлескен іс-әрекетке қосқан үлесіміз», – деп жазды мемкеңесші Telegram парақшасында.

Оның айтуынша, Қазақстан соңғы 10 жыл көлемінде БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысып келеді.

«Бұл еліміздің әлем алдындағы беделін көтеруге және ұстанымын нығайтуға көмектесті. Сондай-ақ БҰҰ мен халықаралық әріптестер тарапынан зор сенімге ие болдық. Әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы Қарулы Күштердің әлеуеті мен тәжірибесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы ресурстардың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ол да — маңызды факторлардың бірі», – дейді Ерлан Қарин.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз