Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Қазгидромет ел аумағында 21 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклонның әсерінен ауа райы – жауын-шашынсыз.

«Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарагаңды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», – деп жазды ведомстводан.

Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Сәйкес жаңалықтар

«Еңбек жолы» байқауы еліміздегі Еңбек күнін мерекелеуге және «Еңбек адамын» құрметтеуге орайластырылған

Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

zamandas69@mail.ru

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

zamandas69@mail.ru