Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Бұл қадам спортшыларымызға халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуға мүмкіндік береді

Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Мәулен Әшімбаев елордада аталған спорт орталығын салу әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыруға және мүгедектігі бар азаматтарға тең мүмкіндіктер беретін жағдай жасауға үлкен көңіл бөліп келеді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір азаматтың дамуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасалған әділетті қоғам құрудың маңызды екенін үнемі айтып келеді. Жаңа Инклюзивті спорт орталығы мүгедектігі бар спортшылардың алаңсыз жаттығу жасауына, халықаралық жарыстарға дайындалуына және жаңа биіктерді бағындыруына жол ашатын орынға айналады деп сенеміз. Мұнда бочча, баскетбол, арбамен ойнайтын футбол, голбол, отырып ойнайтын волейбол және тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады. Бұл қадам спортшыларымызға халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуға мүмкіндік береді»,– деді Мәулен Әшімбаев.

Сәйкес жаңалықтар

Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық ықыласына бөленді

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

Президент Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

zamandas69@mail.ru