Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үй бағасының қалай құбылатынын сөз етті.

“Бағаның күрт төмендеуі байқалмайды. Өйткені кез келген жағдайда инфляциялық процесс тұрғын үй құнына әсер етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының өсу үрдісі байқалады. Құрылыстың орташа нақты шығындары да шамамен 2-3 пайызға өсті, бірақ мәмілелер саны азайды. Бағаның төмендеуін мәмілелер санының азаюымен байланыстырамыз. Жалпы алғанда, бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді”, – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Сәйкес жаңалықтар

«Фермерлер тозған техникасын әлі жөндеп жүр». Сенатор утильалымды алып тастауды ұсынды

Екібастұзда аяғы ауыр әйел көпқабатты үйден құлап кетті

Қызылордада қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды