Бақытжан Абдурахманов Grand Slam жарысының жартылай финалына шықты

0
44
Фото: FDC

 – Қазақстандық балуан Бақытжан Абдурахманов Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының жартылай финалына өтті. 

73 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Абдурахманов ширек финалда ресейлік балуан, Grand Slam турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Махмадбек Махмадбековты ауырту әдісімен жеңді. Енді ол жартылай финалда тағы бір ресейлік дзюдошы Даниил Лаврентьевпен кездеседі.

Сондай-ақ 81 келіде сынға түскен Абылайхан Жұбаназар ширек финалда жапондық қарсыласына жол беріп, жұбаныш белдесуінде Рио Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Хасан Халмұрзаевтан айласын асырды. Енді ол турнирдің қола жүлдесіне таласады.

Ал, 73 келідегі Дархан Қойбағар италиялық Мануель Ломбардоға есе жіберсе, 81 келі салмақта белдескен Мәди Амангелді ресейлік Алан Хубецовтен жеңілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз