Байқоңыр ауданында 1500-ге жуық көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасылар қосымша әлеуметтік көмек алды

0
109

Байқоңыр ауданында бүгінде 22 мыңнан астам зейнеткер, 573 тыл еңбеккері, 5591 мүмкіндігі шектеулі адам, 3963 көпбалалы отбасы, 1107 көпбалалы ана, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған, 421 әлеуметтік аз қамтылған отбасы тұрады. Аудан әкімі Талғат Рахманберді елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көрсеткен әлеуметтік көмек туралы айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жасы үлкен кісілердің бос уақытын пайдалы өткізуі үшін ауданда 3 шағын орталық орналасқан.

«Аудан тұрғындарын әлеуметтік қамтамасыз етуде, бұрынғыдай жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр, өткізілетін акциялар аясында ауданның көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан 5500-ден астам бала түрлі іс-шаралар мен акцияларға қатысты, онда оларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетілді және жаңа жылдық сыйлықтар таратылды, олар мерзімді бұқаралық-спорттық іс-шараларға қатысуға тартылды, сондай-ақ аула мерекелері өткізілді», – деді әкім.

Биыл АӘК ауданда тұратын 421 отбасыға тағайындалды.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік төлемдерден басқа, 1500-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасыларға азық-түлік жиынтығы, балаларға арналған киім, көмір, уақытша баспана беру, балаларды балабақшаларға тегін орналастыру, медициналық мекемелерде тексеруден және емдеуден өту және т.б. түрінде көмек көрсетілді.

Өскелең ұрпақ назардан тыс қалмайды, ауданда 8 аула клубы жұмыс істейді, олардың негізгі бағыттары спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер болып саналады.

2023 жылы аудан аумағында жалпы 10 мыңнан астам адамды қамтитын 120-дан астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ