Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегін өткізеді

Оның қарсыласы әзірге жарияланбады. Жекпе-жек Алматыда өтетін бокс кешінде болады. All Stars Boxing 4 турнирі “Алматы Аренада” өтеді.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанадағы бокс кешінде өткізген. Онда Филиппин өкілі Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 КО) жеңген болатын.