Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады

0
172

Көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кетті,  деп хабарлады turkystan.kz.

Балжан Бидаш соңғы кезде көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

«Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан «рас па, өтірік пе» деген ақпаратты «біз екі жаққа кеттік» деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан», – деп болған жағдайға қарамастан Жаханға қолдау білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев парақшасында Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап «Бәрі бітті» деген жазба қалдырған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ