Башқұртстанның астанасында халық көшеге шықты (ВИДЕО)

0
166
Фото: https://t.me/nexta_live
Полиция митингке жиналғандарды шетінен ұстап, автобусқа тиеп әкетті

Башқұртстан Республикасының астанасы – Уфа қаласының тұрғындары Салауат Юлаевтың ескерткіші алдына келіп, «қара халық» деген сөзі үшін төрт жылға сотталған экобелсенді, Ресейде тыйым салынған «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысы Фаил Алсыновты уақытша қамау изоляторынан босатуды талап етті.

Алаңға халықпен бірге полиция да жиналып, митингке шыққандарды шетінен ұстап, автобусқа тиеп әкетті.

Еске сала кетсек, кеше Баймақ қаласында халық экобелсенді Фаил Алсыновқа қатысты шығарылған сот шешіміне қарсы ереуілге шыққан болатын. Онда халық Фаил Алсыновты бостандыққа шығару үшін сот шешімін өзгертуді талап етті. Бірақ сот белсендіні «Араздықты қоздыру» бабы бойынша (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 282-бабы 1-бөлігі) 4 жылға соттап, оны Уфаға емес, көрші Магнитогорск қаласына әкетті.

Сонымен бірге полиция тағы 20-дан астам адамды ұстап, қамады. Соңғы мәліметке қарағанда, наразылық акциясына шыққан 9 адам әкімшілік жауапкерлішікке тартылған. Олар сот шешімі бойынша 15 күнге қамалды.

Қамалғандардың арасында Артур Мухаметов, Данияр Марқабаев, Даниса Гайсина, Салауат Елкибаев, Юлая Заманова, Рамиль Муллагильдин, Даяна Мазитова, Зульфата Тагирова мен Марсель Ишмуратов бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ