Бастапқы сатыдағы үдеріске басымдық

0
139

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ішкі істер министрлігінің қылмыстық үдерістің бастапқы сатыларында азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі талқыланды.

Комиссия төрағасы Игорь Рогов бұл мәселе өзекті екенін алға тартып, отырыстың күн тәртібіне бекер шығарылмағанын айтты. Ол өз сөзінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметінде, әсіресе қылмыстық үдерістің бастапқы сатыларында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың маңыздылығы жоғары екенін еске салды. Бұл ретте ол құқық қорғау саласындағы заң­на­маны одан әрі жетілдіру, оны экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы елде­рінің стандарттарына сәйкес кел­тіру қажеттігі туралы мәсе­ле­лерге ерекше назар аударды. Комиссия төрағасы өз құқықтары мен бостандықтарын, әсіресе, қыл­мыс­тық үдерістердің сатыларында тиімді қорғауды қажет ете­тін­дердің барлығына білікті заң көмегін көрсететін адвокаттардың қызметінде адам құқықтарын қор­ғау­дың басымдығы мен өзек­ті­гін атап өтті. Бұл мәселе туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев баяндама жасап, жиналғандардың сауалына жауап берді.

Комиссия отырысында Конс­ти­туция, Қылмыстық-про­цес­­тік кодекс, заңдар, БҰҰ-ның Адам құқықтары туралы халық­ара­­лық пактілері, Азаптауға қарсы кон­венция және басқа да рати­фик­ацияланған халықаралық шарт­тармен кепілдендірілген қыл­мыстық істерді сотқа де­йін­гі тергеп-тексеру кезеңінде азаматтардың,  өзге де адамдардың конституциялық құқықтарын сақ­тау мен қамтамасыз етудің өзекті мә­селелері де талқыланды.

Комиссия мүшелері қоғам­мен әріптестікте қоғамдық қа­уіп­­сіздікті қамтамасыз ету­дің 2024-2028 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасын қабылдау құқық қорғау және өзге де мем­лекеттік органдардың қыз­ме­тін­дегі Конституциямен, басқа да заңдармен және адам құқық­та­рын қорғау саласындағы ха­лық­аралық міндеттемелерімен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің ахуалын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қылмыстық үдерістің бастапқы са­тыларында азаматтардың конс­ти­­туциялық құқықтарын тиімді қорғау мақсатында комиссия мү­ше­лері мен сарапшылары АҚШ пен әлемнің басқа да дамыған ел­дерінің тәжірибесіне сүйенуді ұсынды. Яғни құқық қорғау органдарында арнаулы жоғары білімі бар психолог пен әлеуметтік педагогтің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдардан тұратын жәбірленушілермен жұмыс жөніндегі бөлімдерді іске жұ­мылдыру қажет. Оларға дәлел­де­ме мәртебесі бар бейнежазбаны қолдану және әңгімелесу құ­қы­ғын беру мәселесі қарауға ұсынылды. Бұл еліміздегі Қыл­мыс­тық-процестік кодекске тиісті өзгерістер енгізуді талап етеді.

Ко­мис­сия отырысында әзірлен­ген ұсынымдар Мемлекет басшы­сы­ның, Парламент пен Үкіметтің на­зарына ұсынылмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ