Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Ақтауда жарылыстың алдын ала себебі анықталды 

Жарылысқа газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы МО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді,- деп хабарлайды zamandas.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ғимарат қалдықтарының астынан екі газ баллоны табылған.

«Кешен иесінің айтуынша, үйінді астында әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр болатын тағы екі газ баллоны бар. Толығырақ ақпаратты жарылыс салдарын анықтап, жойғаннан кейін береміз», — деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Барлау және кинологтардың жұмысынан кейін қазіргі уақытта үйінді астында зардап шеккендердің жоқ екені анықталды.

Еске сала кетейік, 7 қараша күні 29 «а» шағынауданындағы Шерқала кешенінде орналасқан асхана жарылып кетті. Асхана иесінің айтуынша, барлық қызметкер жұмыс уақытынан кейін, яғни 18-00-ден 20-00-ге дейін ғимараттан шығып кеткенін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Более 12 тысяч человек собрал масштабный live-концерт на Востоке страны

Человек как главный ресурс: как меняется идеология развития страны

Новая конституция как основа экологической безопасности страны