Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Алматы Арбатында Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді

Алматыдағы Арбатта 19-20 қыркүйекте Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырады.

Жәрмеңкеге 60-тан астам баспа қатысады. Келушілер жаңа кітаптармен танысып, өзіне ұнаған әдебиеттерді сатып ала алады. Сондай-ақ, ақын-жазушылармен кездесуге болады.

Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, қала тұрғындарына заманауи әдебиет пен отандық баспа жобаларын кеңінен таныстыру.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қатысу тегін.

Сәйкес жаңалықтар

Автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады

Қостанайда полицияны пышақтаған 33 жастағы адамды ұстады

Астанада 15 мектеп ашылды