Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында 2026 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақшатыр» алаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, қазақ тілінің көркемдігі мен өміршеңдігін көпшілікке таныту, мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы қолданысын кеңейту, көпшіліктің ана тіліне деген ықыласын арттыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мерекелік іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, ұстаздар, студенттер, оқушылар, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Іс-шара бағдарламасы аясында белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Осман, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Мерей Ягудаұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының директоры Айгүл Амантайқызы және ахметтанушы ғалым Бижомарт Қапалбек сөз сөйлейді.

Кеш қонақтары қатарында «Қарнақ» этноансамблі, Қабдол Тілеков, Нұрсұлтан Нұрбердиев және басқа да өнерпаздар бар.

Іс-шара барысында ана тілінің құдіреті ән мен күй, жыр мен би арқылы дәріптеледі. Көрермендерге ана тіліне қатысты интерактивті бөлімдер ұсынылып, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар концерттік бағдарлама мен қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі маңызын ашатын көркем қойылымдар ұсынылады.

 

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған

«Ана тілім – ардағым» атты 

мерекелік іс-шараның

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Алматы қаласы әкімдігі «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында 2026 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақшатыр» алаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізеді.

Мерекелік кеште тіл мен өнер сабақтастығы көрініс табады. Іс-шараның мақсаты – ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, қазақ тілінің көркемдігі мен өміршеңдігін көпшілікке таныту, мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы қолданысын кеңейту, көпшіліктің ана тіліне деген ықыласын арттыру және жастарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, ұстаздар, студенттер, оқушылар, қала тұрғындары мен қонақтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Іс-шара бағдарламасы аясында белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Осман, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Мерей Ягудаұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының директоры Айгүл Амантайқызы және ахметтанушы ғалым Б. Қапалбек мемлекеттік тіліміздің жай-күйі жайлы сөз сөйлейді.

Көрермендерге қазақ тілі, ұлттық өнер мен әдебиет, Ахмет Байтұрсынұлы және қазаққа еңбегі сіңген тұлғалар туралы интерактивті сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталады. Іс-шара барысында белгілі өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі маңызын ашатын көркем қойылымдар көрсетіледі.

 

Байланыс үшін:

Темірбек Дариға, +7 706 704 68 81

 

Сәйкес жаңалықтар

Бұл жүйенің артықшылығы – балалардың жеке тұлғасын сақтау

Тұрғындарға медиативтік көмектер көрсетілді

zd_admin

Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды