Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Астанада Республика күніне орай ерекше музыкалық челлендж басталды

Астанада мектеп мұғалімдері мен оқушылары туған жерге деген махаббатын әнмен жеткізіп, елге деген құрметін жүрекпен сезіндіретін ерекше челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Атамекен» әнін орындау челленджіне 460 оқушы мен 20 мұғалім қатысып, бірлік пен ынтымақтың, отансүйгіштік пен патриотизмнің ерекше үлгісін көрсетті.

Әрбір әуеннен туған жерге деген сағыныш, әрбір сөзден Отанға деген сүйіспеншілік сезілді. Жас ұрпақ пен ұстаздардың бір арнада тоғысып, жүрек тербетер әнді бірге орындауы – елге деген құрметтің, рухани бірліктің айқын көрінісі.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Ақтауда мердігер мекеме жасанды қызғалдақтарға қатысты түсініктеме берді

Павлодарда 52 млн қарызы бар жүргізуші ұсталды

Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды