Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

Фото: instagram.com/asyq_atu/

Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы құрылды. Ассоциация түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.

Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының мүшелігіне Қазақстан, Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (Ресей Федерациясы) мен Қырғызстанның ұйымдары өтінім тапсырған. Биыл Мажарстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы мен Испанияның спорт ұйымдарын федерацияның қатарына қосу жоспарланып отыр.

Respublica партиясының кеңсесінде Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

Кездесуде ұйымның президенті асық ату ойынының қазіргі жағдайын, асық ойынының спортқа қашан және қалай теңестірілгенін, халықаралық федерацияның ұлттық спорт ойынын қалай дамытатынын айтып береді.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Қызылша өршіп тұр: мектептер мен университеттерде карантин енгізіле ме?

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды