Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетӨнер

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

Қатар Мемлекетінде Қазақстан Республикасының мәдениет күндері мәресіне жетті. Іс-шара аясында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары еліміздің мәдени мұрасы, дәстүрлері мен заманауи өнерімен танысуға мүмкіндік алды.

Негізгі іс-шаралар Дарб әл-Сағи мәдени-тарихи орталығында өтті. Мұнда сәнді-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық әрі заманауи дизайнерлік жұмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің экспозициясы ұсынылды.

Бағдарлама барысында ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлері көрсетілді. Оның ішінде шетелдік көрермен садақ ату, құсбегілік және қазақтың тазы тұқымды иттерімен аңшылық өнерімен, көшпелі өркениет мәдениетімен тереңірек танысты.

Көпшіліктің көңілінен шыққан мәдени іс-шаралардың бірі отандық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерт болды. Атап айтсақ, «Mezzo» вокалдық тобы мен «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі әлемдік классика мен ұлттық музыкалық мұраны үйлестіріп, ерекше туындылар ұсынды.

Қатардағы Қазақстан мәдениет күндерінің ұйымдастырылуы екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтып, отандық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етті. Алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күндерін өткізу жоспарланған.

 

Сәйкес жаңалықтар

«”Бір белдеу, бір жол” бастамасы өзара байланыстардың кеңеюі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айқын көрсетті

Жәнібек қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Тоқаев жәрдемақы тағайындау процестерін цифрландыруды тапсырды. Ол қаншалықты орындалып жатыр?

zd_admin