Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

«Қазақстан» шахтасында төтенше жағдай: 131 адам жер бетіне шығарылды

фото: gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Оқиға орнына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. Қазір оқиға орнында Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Өрт 17 тамыз сағат 10:00-те шыққан. Оқиға орнына Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Шахтада барлығы 227 адам болған. Оларды біртіндеп жер бетіне шығарып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, жер бетіне 131 адам шығарылған.

Сәйкес жаңалықтар

«Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтіп, жеңімпаздар марапатталды

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Доллардың бағасы 480 теңгеден асты

zamandas69@mail.ru