Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Қазақстан вакциналау көрсеткіші бойынша әлемде 105-орында тұр

Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында . Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

«Әлемдік рейтингке сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізген 205 елдің ішінде Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында тұр және вакцинациямен қамту халық санының 41 пайызға жуығына жетті. ТМД елдері ішінде Қазақстан мен Әзербайжан ғана халықты вакцинациямен қамтуда 40 пайыздан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр», – деді министр.

Оның атап өтуінше, елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр.

«1-компонент 8,5 млн адам екпе алды. Екпе алуға тиісті халықты қамту 74 пайызды немесе халық санының 44,8 пайызын құрайды. 2-компонентпен шамамен 7,7 млн адам қамтылды», – деді Алексей Цой.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев:Қандай жағдай болса да, Қазақстан өз азаматтарын ешқашан тағдыр тәлкегіне қалдырмайды

Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары пайда болуы мүмкін

30 жылда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 100 есе өскен