Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Бүгін Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

 

Сәйкес жаңалықтар

«Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию

Интервидение-2025: Казахстан представит Амре и восьмилетнюю Жасмин

Мясокомбинаты будут самостоятельно реализовывать мясо сайгаков

zamandas69@mail.ru