Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Батыс өңірінің су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының су айдындарында арнайы жүзу құралдарын пайдалану арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, профилактикалық рейдтік іс-шаралар басталды.

Осы жұмыстар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған.

Рейд барысында мамандар демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, су айдындары маңында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау және құтқару кеудешелерін пайдалану маңызды екені ерекше атап өтілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Қостанай облысының жас робототехниктерінің жетістігі — өңір ғана емес, тұтас ел мерейін үстем еткен маңызды нәтиже

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

zamandas69@mail.ru

Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

zamandas69@mail.ru