Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Үкіметке жолдаған сауалында жоғары және орта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, білім сапасын бақылауды толық цифрландыруды ұсынды. Халық қалаулыларының айтуынша, бірқатар оқу орындарында студенттер формалды түрде тіркеліп, іс жүзінде білім алмай-ақ диплом иеленіп жатыр.
Депутаттар соңғы жылдары кейбір жекеменшік университеттер мен колледждерде студенттерді тек қағаз жүзінде оқытып, олардың оқу процесіне нақты қатысуына жеткілікті бақылау жасалмай отырғанын атап өтті.
