Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді

Фото: daryo.uz

 – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.

Осыған дейін 24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтетіні хабарланды.

Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.

Сондай-ақ «Дэвид Кэмерон Қазақстанға не үшін келе жатыр», деген тақырыппен көлемді сараптамалық материал жарияланды.

Сәйкес жаңалықтар

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Апталықтың алғашқы күніне 20 мыңға жуық адам қатысты

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн