Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетҚоғам

«Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті

Астанада Республика күні қарсаңына ұйымдастырылған өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, жастар арасында ынтымақ пен достықты дәріптеу және қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 14-35 жас аралығындағы талантты жастар қатысып, өз өнерлерін қазақ тілінде көрсетті.

Қатысушылар халық әндерін орындап, көркемсөз оқып, эссе жазу номинациялары бойынша бақ сынасты.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған еді.
Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Сәйкес жаңалықтар

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ISATECH 2025 СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Оңтүстік өңірлерде 804 мың гектар егіс егілді

Өмір жолы — жас ұрпаққа үлгі