Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Елордалық парадзюдошы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Мысырдың Гиза қаласында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан IBSA Grand Prix Egypt 2025 Әлем кубогы өтті. Дүбірлі жарысқа 27 елден үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыларын анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ел намысын қорғаған елордалық парадзюдошылар жоғары деңгейде белдесіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс нәтижелері:
• Ерғали Шәмей – 2-орын (J1 санаты);
• Асылан Нұрдәулетов – 5-орын (J1 санаты).

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте күміс медальға ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді

БАҚ-тағы ұлттық идеология: жаңа үдерістер мен бағыттар

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛМАСБЕК АЛМАТОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ЖЫР КЕРУЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ