Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Үкімет басшысы елдегі уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды

коллаж: Halyq Uni
Қаулы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі

Премьер-министр Әлихан Смайылов ел аумағында уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты құжатқа қол қойды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатта Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағат белдеуі қолданылады деп жазылған.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылдың 29 ақпанынан 2024 жылдың 1 наурызына қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын, – делінген қаулыда.

Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.

Бұл қаулы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Сауда және интеграция министрлігінде ғалымдар тобы 2023 жылдың ақпанында құрылған. 11 айдан аса уақыт ішінде жауапты органдар мен ғалымдар ортақ бір шешімге келген.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда балаға дөрекі мінез көрсеткен балабақша тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді

zamandas_kz

Жастарымыз жаһандық спорт және өнер додаларында жеңімпаз атанып, туымызды көкте желбіретіп жүр

zamandas_kz

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесі талқыланды

zamandas_kz