Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл

Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.

Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлеріне алғыс айтты

Досаев жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған Наурыз мейрамына қатысты