Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҒылым-Білім

Мақтанышымызға айналған ақмолалық жасөспірімдер

Өткен демалыс күндері IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) өтті. Бұл беделді додаға 24 мемлекеттің 100 ең үздік жас бағдарламашылары қатысты.

Қазақстан командасының құрамында 4 қатысушы бақ сынасты. Ерекше мақтанышымызға айналған ақмолалық жасөспірімдер – Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушылары Нұрәлі Шаймерден мен Мұғжан Дінмұхаммед қола медаль иегерлері атанды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы тау кластері балаларды спортқа қалай тартады

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мерейтойын атап өтті