Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Маңғыстау облыстық ауруханасы көпфункционалды кереуеттермен толықты

Маңғыстау облыстық ауруханасына Финляндияда жасалған 20 жаңа көпфункционалды төсек-орын алынды, — деп хабарлайды zamandas.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Lojer ScanAfia PRO медициналық-реанимациялық кереуеттері қарқынды терапия бөлімшелерінде пайдалануға арналған. Аталған реанимациялық кереуеттер еуропалық стандарттарға сай.

Яғни, кереуеттер қашықтан басқару пульті арқылы басқарылады, бұл өз кезегінде науқастың жағдайын реттеуге мүмкіндік береді. Ал арнайы матрац төсек жараларынан қорғайды.

«Декубитке қарсы матрацтар теріге қысымның болмауын және ұзақ уақыт бойы жұмсақ тіндердің зақымданбауын қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар жүрек ауруымен ауыратындарға алғашқы көмек көрсетуге қолайлы. Ал жаңа төсек-орындар пациенттің тұруын жеңілдетеді. Бұл тек пациенттерге ғана емес медицина қызметкерлеріне де ыңғайлы. Себебі жаңа кереуеттер жұмыс істеуге қолайлы, әрі сенімді», — дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы хирургиялық орталығының басшысы Сағат Бітімов.

Сәйкес жаңалықтар

МОЛОДЕЖНАЯ ДИСКУССИЯ: КОНСТИТУЦИОННАЯ РЕФОРМА – ОСНОВА ДОЛГОСРОЧНОГО РАЗВИТИЯ СТРАНЫ

В Глубоковском районе проходит театрализованный конкурс «Мой выбор — закон»

Команда Казахстана стала победителем турнира Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025