Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Ардақты ағайын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.

Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.

Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.

Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын!

Әр шаңыраққа құт-береке қонсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Сәйкес жаңалықтар

Адамдардың әрбір жылы сөзі мен ықыласы маған алға қарай жүруге күш береді

Елордада «Сарайшық» ауданы бойынша жаңа мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды

Осындай шаралар жастардың бойында тәртіп, жауапкершілік және патриотизм қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады