Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

х

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда омбудсменнің құзыреті артады

zamandas69@mail.ru

В Кызылорде при поддержке Фонда Булата Утемуратова завершился ремонт мечети «Ақмешіт-Сырдария»

ЦИК ЗАРЕГИСТРИРОВАЛА ПАРТИЙНЫЙ СПИСОК КАЗАХСТАНСКОЙ ПАРТИИ ЗЕЛЁНЫХ «БАЙТАҚ»