Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Есікте сауда үйі өртенді

Оңтүстік өңірлерде 804 мың гектар егіс егілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтады.