Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Жапония, Токио қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.

Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.

Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.


Сәйкес жаңалықтар

Күзде коронавирусқа қарсы қосвалентті вакцина пайда болады

zamandas_kz

Маңғыстау облысында 5 әскери қызметкер жарақаттанды

zamandas_kz

Қытай инвесторлары Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасын дамытуға көмектеседі

zamandas_kz