Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықМәдениетСаясат

Меморандум білім беру, мәдениет және спорт бағыттарын қамтитын бірқатар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді

Моңғолия Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада Қазақстан жастарының конгресі мен Моңғолия жастар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан мен Моңғолия жастары үшін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған. Сонымен қатар өзара тәжірибе алмасу аясын кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі әріптестікті дамытуға және ортақ жобаларды жүйелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді.

Меморандум білім беру, мәдениет және спорт бағыттарын қамтитын бірқатар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

zamandas_kz

Жеке тұлға банкроттығы қалай жүзеге асады?

zamandas_kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті

zamandas_kz