Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҒылым-Білім

Министр ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлекті құттықтады

фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сондай-ақ ол түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері және жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын! – деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Бұған дейін тағы бір талапкердің – Қосшы мектебінің түлегі Айым Ержанованың да ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинағаны туралы жазған едік.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Швейцария хорында ән шырқаған тұңғыш қазақ

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді