Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықМәдениет

«Nomad Inspiration» атты гала-концерт өтті

2025 жылдың 8 маусымында «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Nomad Inspiration» атты гала-концерт өтті. «Астана Опера» театрының балет труппасы мен этно-фольклорлық HasSak тобының бірлескен жобасы «Опералия» халықаралық музыка фестивалінің бір бөлігіне айналды.

«Астана Опера» театрының балет әртісі, жарқын әрі жас хореограф Сұлтанбек Ғұмардың ерекше идеялары, HasSak ансамблі, сондай-ақ композитор Хамит Шаңғалиевтің аспаптық музыкасы үйлесім тапқан кеш болды.

Қала тұрғындары мен қонақтары «Астана Опера» балет труппасының орындауындағы бірегей хореографиялық қойылымдарды тамашалады. Атап айтқанда, А.Райымқұлованың музыкасына қойылған «Мәңгүрт» қойылымында балет солисі Серік Нақысбеков пен әртіс Лимара Айдарова өнер көрсетті.

Кеш бағдарламасында сондай-ақ HasSak ансамблінің музыкасына қойылған «Той бастар», «Аралым», «RUH», және Х. Шаңғалиевтің музыкасына жазылған «Әлем» туындылары болды.

Жоба авторларының айтуынша, мұндай бастамалардың ірі халықаралық фестивальдер аясында ұсынылуы қазақстандық мәдениетті әлемдік сахнада кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

zamandas_kz

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылуда зиялы қауымның атқарар рөлі зор — Жанарбек Әшімжан

zamandas_kz

Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады

zamandas_kz