Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су теңгерімін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау мақсатында жыл сайын жүргізілетін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатқа 40 млн текше метр су жіберілді. Жұмыстарға кәсіпорынның үш филиалы – «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты.

Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қорғалжын қорығының аумағында орналасқан және қоқиқаздар мен басқа да құстардың мекен ету ортасы.

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын Қазақстанның барлық аумағында табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Су нысандарын сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау үшін миллиардтаған текше метр су бағытталады.

Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстары кезінде «Қазсушар» РМК мамандары гидротораптар мен су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады, судың өтуіне тұрақты мониторинг жүргізіп, бақылауды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, су нысандарының сарқылуының алдын алу мақсатында былтыр қабылданған Су кодексіне алғаш рет «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Бұл – өзендер, көлдер мен теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажет судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі. Құжатта шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар да кеңейтілді. Сонымен қатар сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтарды қорғаудың ерекше режимі көзделген.

«Су нысандарын сарқылу мен ластанудан қорғау – шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Министрлік экологияға зиян келтірмей, ауыл шаруашылығы алқаптарына судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмсауда. Су үнемдеу технологиялары мен заманауи су есептеу құралдарын енгізу экономика мен қоршаған ортаның қажеттіліктері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, суды тиімді бөлуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ оқыңыз

  • 07 қыркүйек 2026

    Апталық шолу
  • 04 қыркүйек 2026

    Жаңа Су кодексі, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсуі: Су ресурстары және ирригация министрлігінің соңғы үш жылдағы жұмысының негізгі қорытындылары
  • 03 қыркүйек 2026

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.
  • 03 қыркүйек 2026

    Жамбыл облысында Қазақстанның бұлақтарын ауқымды түгендеу аясында 600-ге жуық бұлақ зерттелді
  • 02 қыркүйек 2026

    Су ресурстары және ирригация министрлігі Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізеді

Сәйкес жаңалықтар

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Үрімжі қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі өтті

Іс-шара мақсаты – ұлы композитордың шығармашылығын насихаттау