Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясатҚоғам

ОСК ӨЗГЕ ЕЛДІМЕКЕНДЕ ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Сайлау күні басқа елдімекенде болатын сайлаушылар дауыс беру үшін дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін ала алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында ОСК мүшесі Азамат Айманакумов еске салды.

Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне 15 күн қалған уақыттан бастап дауыс беру күнінің алдындағы күнгі сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Мұндай куәлікті учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші және жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі негізінде береді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.

«Азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелген учаскелік сайлау комиссиясынан 7 тамыздан бастап 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін алуға құқылы. Бұл ретте бір елдімекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға мұндай куәлік берілмейтінін атап өткен жөн. Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді және олардың телнұсқалары берілмейді», — деді Азамат Айманакумов.

Сонымен қатар, есептен шығару куәліктерін сенімхат арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

zamandas_kz

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

zamandas_kz

Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған

zamandas_kz