Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Парижде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды – президент Маржықпаевты қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады,

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», – деп хабарлайды Ақорда.

Сәйкес жаңалықтар

Еңбек саласы мен оның қаһармандарына арналған мурал ашылды

Үкіметте балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде үш медаль жеңіп алды