Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Президент Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді

Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.

Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.

Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.

Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.

– Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді, – деді Мемлекет басшысы.

 


Сәйкес жаңалықтар

Спорт бағытындағы қазақы жылқы тұқымын көбейтуге 701 млн теңге қажет – депутат

Қазақстан әртістерінің музыкасы Instagram желісіне қайта шықты

Бір апта ішінде полицейлер мас күйде көлік жүргізудің 201 фактісінің жолын кесті