Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады

Астанада Әділбек Ыбырайымұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

Уақыт кестесі мен көлік қозғалысының аралығы нақты сақталуға тиіс