Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады

Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

«Өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жеткен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асқан. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек. Жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған», деді әкім.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Сәйкес жаңалықтар

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокста рингке шығады

zamandas69@mail.ru

ЦЕНТРАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ЗАРЕГИСТРИРОВАЛА  ПАРТИЙНЫЙ СПИСОК ПАРТИИ «АУЫЛ»

Ханс Клюге назвал повышение зарплат участковым медикам инвестицией в здоровье людей

zamandas69@mail.ru