Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Президент Жолдауындағы тапсырмалар орындалып жатыр

2022 жыл 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауындағы тапсырмалар орындалып жатыр.

ТАПСЫРМА:

Қазақстан Республикасы Президентінің президенттік өкілеттіктерді атқару мерзімінде саяси партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамада бекіту; Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салуды заңнамада бекіту.

ОРЫНДАЛДЫ:

2022 жылы 8 маусымда тиісті Заң қабылданды.

43-баптың 3-тармағы. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.

43-баптың 4-тармағы. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.

 

ТАПСЫРМА:

Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттардың 30 пайызы — мажоритарлық жүйе бойынша, 70 пайызы — партиялық тізімдер бойынша.

ОРЫНДАЛДЫ

2022 жылы 8 маусымда тиісті Заң қабылданды.

50-баптың 3-тармағы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.

Сәйкес жаңалықтар

ЦБД показал, как создаются вирусные дипфейки с участием знаменитостей

Проект новой Конституции является уникальным историческим документом – Айдос Сарым

Ханс Клюге назвал повышение зарплат участковым медикам инвестицией в здоровье людей

zamandas69@mail.ru