Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықМәдениет

«ҮРКЕР» — 2024 Ұлттық сыйлығының номинанттары

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» — 2024 Ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.

«ҮРКЕР» — 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «ҮРКЕР» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

Байқау ұйымдастырушылары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.

«ҮРКЕР» — 2024 Ұлттық сыйлығының номинанттары

 

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЫР ЖАСТАРЫ» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 100 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

zamandas_kz

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

zamandas_kz

ЖАБЫҚ ЕЛДІҢ ЖҮРЕК ҚАҒЫСЫ

zamandas_kz