Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық еңбектері алғаш рет қазақ оқыр­мандарына ұсынылды

Шараның мақсаты – шетел­­дегі этникалық қазақ ақын-жазушыларының шы­ғармашылығын қолдау, олардың еңбектерін қалың аудиторияға таныстыру және қазақ мәдениетінің бірегейлігін сақтап, нығайту. Айта кету керек, жиын барысында шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық еңбектері алғаш рет қазақ оқыр­мандарына ұсынылды. Кітаптар қазақ әдебиетінің байлығын көрсетуге бағытталған. 2024 жылы байқау жеңімпазы атанып, жарыққа шыққан кітаптар қатарында Рысбек Зұрғанбайұлының «Қоб­даның қоңыр желі», Лала Жүнісқызының «Қарасу жырлары», Баман Құрманханұлының «Айтағалы салт атты» және бірқатар авторлардың еңбектері бар.

«Ұлы Дала» жобасы шетелдегі қазақтардың мәдени және әдеби мұраларын зерттеуді, жинақтауды, басып шы­ғаруды және көпшілікке таратуды мақсат етеді. Шетелдегі қазақтардың шығармашылық еңбектері Қазақстанда кеңінен танылып, олардың мәдени мұрасы на­си­хатталады. Қазақ әдеби­еті жаңа шығармалармен толығып, ұлттық бірегейлік ны­ғайтылады. Жас ұрпақ қазақ­тың мәдени және әдеби құндылықтарына терең қы­зығу­­шылық танытуға мүмкіндік алады.

С.БЕГІМБАЕВА

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа қуаттардың белгіленген мерзімде іске қосылуын қамтамасыз ету қажет

Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Павлодарда ат спортының дамуына серпін беретін жаңа ипподром ашылды

zamandas69@mail.ru