Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Шығыс Қазақстанда аю атқан браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында аю атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Шара барысында заңсыз аю атқан Алтай ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Ол Тұрғұсын ауылының маңында аюды тұзаққа ұстап алған. Етін өзіне алып, терісін сату үшін дайындауға ниеттенді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабына (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын сомасы анықталуда», — деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері полицейлер 200-ден астам рейд өткізді. Нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 420 фактісі тіркелді.

Сәйкес жаңалықтар

Человек как главный ресурс: как меняется идеология развития страны

Проект новой Конституции является уникальным историческим документом – Айдос Сарым

В Кызылординской области проведено РКШУ «КӨКТЕМ-2026»