Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиОбщество

ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласында ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының құрамына кіретін «Шымкент концерт» концерттік ұйымының (филармония) ұйымдастыруымен маңызды жиын өтті. Кездесудің басты мақсаты — еліміздің негізгі заңы — Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді кеңінен талқылау.
Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Ермек Ерғалиұлы Қаңлыбаев, ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Байғаниұлы Шеримов, «Шымкент концерт» концерттік ұйымы» (филармония) МКҚК бастауыш ұйымының төрайымы Жанбота Орынтайқызы Атабекова және өнер ордасының ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Конституциялық реформалардың мән-мағынасы мен оның азаматтық қоғамды нығайтудағы рөлі сөз болды. Қатысушылар жаңа реформалардың еңбек адамының құқықтарын қорғауға және мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға беретін мүмкіндіктерін талқылады.
«Жаңа Конституция жобасы — бұл мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру мен әрбір азаматтың құқықтық кепілдігін арттырудың жаңа белесі. Әсіресе, мәдениет және ақпарат саласында еңбек етіп жүрген жандар үшін бұл өзгерістердің маңызы зор», — деп атап өтті Ермек Қаңлыбаев.
Руслан Шеримов салалық кәсіподақтардың осы реформаларды қолдау мен түсіндіру жұмыстарындағы белсенділігін тілге тиек етіп, конституциялық реформалар еңбек адамының мәртебесін биіктететінін айтты.
Жиын соңында қатысушылар конституциялық өзгерістерді қолдау — елдің болашағы мен тұрақтылығына жасалатын жауапты таңдау екенін айтып, ұжым болып атсалысуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival

zamandas69@mail.ru

«Мы видели, как люди стояли в очереди»: международный наблюдатель из Узбекистана оценил выборы в Курултай

Тұрман Аманжол завоевал серебро на FIRST LEGO League Singapore 2026