Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Түркістан облысындағы үш ауданда 6 көше, 48 ауланы су басты

Түркістан полицейлері су басып қалған аудандардың тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр.

Соңғы ақпараттар бойынша, Түркістан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула су астында қалған.

Полицейлер мен тиісті қызметтердің қызметкерлері халыққа көмек көрсетіп, жаңбыр суының бағытын бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

“Жас сақшы” тәрбиеленушілері халықаралық турнирде ел намысын қорғады

zamandas_kz

Мұндай жетістікке жету – оқушының, ата-ананың, мұғалімнің және мектептің үлкен еңбегінің нәтижесі

zamandas_kz

Алматыда кино түсіруге бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды

zamandas_kz