Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Түркиядағы президент сайлауы: 99,38% дауыс саналды

 

Фото: mk.ru

Кейінгі деректер бойынша Түркиядағы президент сайлауында 99,38% дауыс саналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат TRT-ге сілтеме жасап.

Режеп Тайып Ердоған 49,42% дауыс жинаса, Республикалық халық партиясының үміткері Кемаль Кылычдароглу 44,95% дауыс иеленген. Президенттікке үшінші үміткер, «Ата» саяси альянсының өкілі Синан Оган сайлаушылардың 5,20% дауысына ие болған.

Сайлауға қатысу 87,21% болған.

Түркияда кеше, 14 мамырда президент пен 28-ші шақырылымдағы парламент сайлауы өткені хабарланған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеу қажет – Мәулен Әшімбаев

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

zamandas69@mail.ru