Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Астанаға келді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда University of Exeter қатысуымен тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамыту жоспарланып отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жаңа жыл еліміз үшін маңызды шараларға толы болғалы отыр