Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

ТЖМ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Қазақстан ТЖМ қызметкерлері елорда әкімдігі ұйымдастырған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өткізілді.

Акцияға қатысушылар бекітілген аумақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, елорданы абаттандыруға және қалалық ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Іс-шара жұмысқа толы әрі жағымды атмосферада өтіп, ұжымдық рухты нығайтуға және экология мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Жыл сайын өткізілетін Астана қаласының аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту экологиялық айлықтары ТЖМ қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналды. Олар мұндай іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады

zamandas69@mail.ru

«Әкесінің қайтыс болғанын білген кезде, өзімді кешіре алмадым»

Астанадағы LRT құрылысына тағы 150 млрд теңге қажет болуы мүмкін